Жаңалықтар

25.07.2016
Бала тууына берiлетін жәрдемақыны бір ғана өтінішпен рәсімдеуге болады

Бала өмірге келген сәттен бастап ата-анасының бірі біржолғы жәрдемақы алуға және бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемдерге қақысы бар. Енді бұл жәрдемақыларды «Азаматтарға арналған» мемлекеттік корпорациясының фронт-офистерінде электрондық үкімет порталы арқылы бір ғана өтініш беріп ресімдеуге болады.
25.07.2016
Қазақстандық жұмыссыздар әлеуметтік төлемдер үшін өтініш берулеріне және кезекке тұруларына болады

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылатын қазақстандықтар үшін, жұмысын жоғалтқан жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау және жұмыссыз азамат ретінде есепке қою рәсімі жеңілдетілді. Енді бұл екі қызметті де жергілікті Жұмыспен қамту орталығына жүгіне отырып, бір мезгілде алуға болады.
25.07.2016
Б.Сапарбаев: 5-6 маусымдағы оқиғалар Ақтөбе облысының инвестициялық климатына әсер етпейді

Ақтөбе облысының әкімдігінде Инвестиция тарту және өңірдің инвестициялық климатын жақсарту кеңесінің алғашқы отырысы болып өтті.
25.07.2016
2016 жылдың I жартыжылдығында Ақтөбе облысында 8 мың жұмыс орны ашылды

Бұл туралы журналистермен болған кездесуде Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев хабарлады.
25.07.2016
Тұрғын үй мәселесін шешудің тағы бір жолы іске қосылады

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік» АҚ басқарма төрағасы Бауыржан Мамыталиевпен кездесіп, өңірдегі тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру барысы талқылады.
22.07.2016
2016 жылдың басынан бері Ақтөбеде 8 мың жұмыс орны құрылды

Облыс әкімдігінде өткен кеңейтілген жиналыс барысында Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2016 жылғы 1 жартыжылдық қортындысы айтылды.
Жиында Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдері, мемлекеттік орган, департамент басшылары және бизнес өкілдері қатысты.
22.07.2016
Ақтөбе облысында пайдаланылмаған жерлерді мемлекет меншігіне алу жұмыстары басталды.

Облыс әкімдігінде өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен 2016 жылдың бірінші жарты жылдығын қорытындылауға қатысты кеңейтілген жиналыс өтті.
22.07.2016
Қазақстан Әуе күштері Ресейдегі әскери ойындарға қатысады

Ақтөбелік билік жауынгерлік ұшақтардың жергілікті аэродромға қонатындығы туралы хабарлайды.
Бұл туралы «Ақтөбе-ақпарат» орталығына Т.Бегелдинов атындағы ӘӘК Әскери институты хабалады.
22.07.2016
Бердібек Сапарбаев Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ басшылығына ЖОО-ның бұрынғы даңқын қайтаруды тапсырды

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде Қадағалау кеңесінің отырысы болып, онда кеңестің жұмыс тәртібі бекітілді, сонымен бірге ЖОО-ның білім беру және тәрбиелеу ортасын дамыту мәселелері талқыланды. Шараға Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты.
20.07.2016
Ақтөбе облысында діни экстремизм мен лаңкестіктің алдын алу жұмыстары күшейтілді

Өңірде діни экстремизм мен лаңкестіктің алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының тиімділігін арттыру бойынша шаралар қолға алынуда. Осы мақсатта өңірдегі белгілі топтарға қатысты алдын-алу жұмыстары күшейтіледі, ақпараттық-үгіт топтарының жұмысы жүйеге келтірілуде. Бұл туралы жұмыспен қамту жəне аймақтың əлеуметтік дамудың өзекті мəселелеріне арналған кеңейтілген отырыста облыс əкімі Бердібек Сапарбаев хабарлады.
19.07.2016
«Ақтөбе» ФК футбол орталығының филиалдары Ақтөбе облысының барлық аудан орталықтарында ашылады

Өңір басшысы бұқаралық спорттың дамуына, өскелең ұрпақ арасында футболды насихаттауға үлкен назар аударып, өз ойыншыларын тәрбиелеуге жағдай жасап отыр. Осыған орай аудан әкімдіктері, Ақтөбе облысының футбол қауымдастығы және облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасының арасында үшжақты меморандумдарға қол қойылды. Құжатта тараптардың аудандарда «Ақтөбе» ФК футбол орталығы филиалдарын ашуғақатысты мәселер бойынша ынтымақтастық шарттары қарастырылған.
19.07.2016
Ақтөбеде құны 1,3 млрд теңге болатын Жастар сарайының құрылысы жүріп жатыр

Ақтөбе облысы әкімдігі мен «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» 2016 жылға өзара ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды. Құжатты өңір басшысы Бердібек Сапарбаев пен «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ Бас директоры Ван Цзюньжэнь бекітті.
19.07.2016
Ақтөбе облысында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық шаралар қолға алынуда

Алматы қаласында болған оқиғаларға байланысты Ақтөбе облысының басшысы Бердібек Сапарбаев күштік құрылымдар жетекшілерінің қатысуымен шұғыл жиналыс өткізді.
19.07.2016
Қазақстандағы алғашқы шағын футбол командасы Ақтөбе облысында құрылды

Бүгін "Ақтөбе" футбол клубында команданың тұсауы кесілді, оның алғашқы мүшелерімен келісімшарттарға қол қойылды.
19.07.2016
Ақтөбе облысында Кәсіпкерлікті қорғаудың жол картасы жұмыс істейтін болады

Бүгін "Кедергісіз кәсіпкерлік" форумы барысында облыс басшысы Бердібек Сапарбаев Ақтөбе облысының прокуратурасы және Аймақтық кәсіпкерлер палатасымен Картаны жүзеге асыруда өзара әрекет ету жөнінде меморандумға қол қойды.

Беттер

Ақтөбе облысы Әкімдігінің жаналықтарының RSS-таспасы